Санавиация қызметкерлері Киевтен Алматыға комаға түскен Қазақстан азаматын әкелді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Санавиация қызметкерлері Киевтен Алматыға комаға түскен Қазақстан азаматын әкелді

Бүгін түнде Санитарлық авиацияның республикалық орталығының мобильдік бригадасы «Красный хутор» ауруханасында өкпенің жасанды желдетілуі аппаратында ауыр халде жатқан 1948 жылы туылған С. Қорласбаев атты Қазақстан азаматын «Терең кома. Мидың ісінуі» диагнозымен Киевтен Алматыға әкелді.

Белгілі болғандай, С. Қорласбаев Киев қаласына қант диабеті мен оның асқынуы (аяқ диабеттік ангиопатиясы, диабеттік табан синдромы) сырқатынан өз қаражатына емделу үшін барған болатын. Украиндік медициналық қызметкерлер оның оң аяғын санның үштен бір ортасы деңгейінде кесіп алып тастаған. Аталған отадан соң С. Қорласбаев комаға түскен.

Пациент стационар жағдайында әрі қарай қажетті медициналық көмек алу үшін Алматы қалалық №7 клиникалық емханасының жан сақтау бөліміне аман-есен жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ағымдағы жылы шетелден ауыр халдегі санитарлық авиация әкелген Қазақстанның 10-шы азаматы. Алыс-жақын шетелден жеткізілетін барлық медициналық тасымалдаулар республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. 

25 қараша, 2015 - 11:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші