ҚР ДСӘДМ мамандары мемлекеттік мекемелер мен еліміздің 9 аймағындағы кәсіпорындардың қызметкерлерін азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ мамандары мемлекеттік мекемелер мен еліміздің 9 аймағындағы кәсіпорындардың қызметкерлерін азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) мамандары мемлекеттік мекемелер мен аймақтық кәсіпорындардың есепшілері мен кадрлық қызмет жұмыскерлерін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқытуда. 26 қарашадағы мәліметтерге сәйкес, ҚР ДСӘДМ жұмыс тобының мүшелері республиканың 9 аймағында: Астана және Алматы қалалары, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында оқыту жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда 5,5 мың адам оқытылды.

Астанада 9-20 қазан аралығында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, білім, мәдениет, спорт, мұрағат және дін салаларындағы мемлекеттік органдарға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері оқытылды.

Сонымен қатар, 9 қарашада Астанада азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқытудың 2 кеңесі өткізілді. Жиынға жалпы алғанда 800 тыңдаушы (мемлекеттік мекемелер, барлық қызмет салаларының қазыналық кәсіпорындары, мемлекеттік орган қызметкерлері) қатысты.

Қарағанды облысында 10 қараша күні білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және тағы басқа сала қызметкерлерін оқыту жұмыстары жүргізілді. Оқуға 120-дан астам адам, сондай-ақ, бейнеконференция байланысы тәртібінде 17 аймақпен байланыс орнатылып, 500-ден астам адам қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысында 14 қарашада мемлекеттік мекемелер, қазыналық кәсіпорындар және мемлекеттік органдардың 900-ден астам қызметкерлері оқытылды.

Жыл соңына дейін республиканың барлық аймақтарында оқыту шаралары жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі енгізіледі. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген: ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы A блогы; ұйымның негізгі функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін негізгі B блогы; әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік C блогы; қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы D блогы.

Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлер жалақысының сараланып арттырылуы күтіледі:

- денсаулық сақтау саласында – 7% -дан 28%-ға дейін,

- білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға дейін,

- өзге салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін.

Сондай-ақ, өсім қызметкердің білімі, біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және т.б. қарай сараланатын болады.

27 қараша, 2015 - 12:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші