ҚР ДСӘДМ қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен медициналық қызметкерлердің өмірін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен медициналық қызметкерлердің өмірін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануда

Қазіргі таңда қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен Алматы қаласы жедел медициналық көмек стансасының дәрігерлеріне барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға ағымдағы жылдың 26 қарашасында 03 сағат 25 минутта Алматы қаласы «Таугүл» ықшамауданында шақыру бойынша келген жедел көмек бригадасының дәрігері мен фельдшеріне медициналық көмек көрсету кезінде қастандық жасалған. Зардап шеккендер №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Мұнда  оларға дәрімен емдеу шаралары жүргізіліп, ота жасалды.   

Қазір дәрігердің жағдайы өте ауыр, фельдшердің халі қанағаттанарлық деп бағалануда.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова медициналық көмек көрсету барысында азаматтар тарапынан дәрігерлерге қатысты көрсетілетін мұндай іс-әрекеттерге жол берілмеуі тиіс деп есептейді.

«Бұл өрескел заң бұзушылық! Медициналық жедел-жәрдем көмегінің қызметкерлері әрдайым адамның өмірін сақтау үшін барлық жағдайды жасайды. Жекелеген азаматтардың заңға қайшы іс-әрекеттерінің нәтижесінде медициналық қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін фактілер ешбір жағдайда жазасыз қалмауы тиіс. Құқық қорғау органдары тек аталған жағдайда ғана емес, қызметтік міндеттерін орындау барысында дәрігерлердің зардап шеккен барлық фактілері бойынша айыпты адамдарға қатысты қатаң шаралар қолдануы қажет деп есептеймін», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.  

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында жыл басынан бастап қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен дәрігерлердің 18 жағдайы тіркелген.  

27 қараша, 2015 - 14:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші