X
egov

You are here

Астанада сарапшылар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеудің және ықпалдастырудың оңалту технологиялары мен инновациялары» атты халықаралық конференция өтті. 

Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.

Конференцияның мақсаты – тәжірибе алмасу, жаңа бағыттарды сараптау, мүгедектердің құқығын қорғау мәселесі бойынша заңнаманы жетілдірумен қатар ортақ ұсынымдарды қарастыру.

Сөз басында Светлана Жақыпова Қазақстанның мүгедектер құқығы туралы Конвенцияны ратификациялауы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға ықпалдасатынын атап айтты. Осы мақсатта ҚР Үкіметі мүгедектердің құқығы мен өмір сапасын жақсарту бойынша 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын қабылдап, оны кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Аталған жоспардың негізгі бағыттарының бірі – арнайы және оңалтуға бағытталған әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру.

Конференция барысында ҚР ДСӘДМ өкілдері ҚР-дағы мүгедек азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін ұсынды.

Шара аясында сарапшылардың, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен протездеу мен естуді протездеудің стандарттарын жетілдіру және оларды өндірудің жаңа технологияларын енгізу; мүгедектерді оңалту ісін техникалық құралдармен және тиісті қызметтермен қамтамасыз ету, сонымен қатар, қолжетімді ортаны  қалыптастыру тақырыптарында секциялық отырыстар өтті.

Конференцияға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инфрақұрылым обьектілерін бейімдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, сонымен қатар, инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету, олардың өмір сапасын арттыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы Қазақстан мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялап, мүгедектігі бар тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды  жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қабылдады.

Конвенцияны ратификациялау республикада тұратын 627 мың мүгедектерге, олардың отбасыларына аталған санаттағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру бойынша қосымша кепілдік береді.  

2 желтоқсан, 2015 - 10:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші