X
egov

You are here

14,8 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 3 желтоқсан аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 14852 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 14852 азаматтың 9315-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2980 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2557 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 3 желтоқсан аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 4705 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 7918 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 3 желтоқсандағы жағдайы бойынша 2330 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.  

4 желтоқсан, 2015 - 10:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші