X
egov

You are here

Қазақстанда қан құю қауіпті емес

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында донорлық қан құю нәтижесінде   қазақстандықтар АИТВ-ні жұқтыруы мүмкін деген жорамалмен жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. 2007 жылдан бері республикада қан құю салдарынан АИТВ инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. 

Қан қызметіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі бірқатар кешенді қорғау шараларын ұсынады.

Бірінші кезеңде азаматтар донорлар мен донорлыққа жіберілмейтін тұлғалар ақпараттық дерекқоры арқылы тексеріледі. Сонымен, 2014 жылы тексерістен соң 7,9 мың адамға, немесе донацияға жіберілмеген адамдардың жалпы санының (56,5 мың адам) 14%-ына донорлық рұқсат етілмеді.

Екінші кезеңде потенциалды донорлар «қауіпті мінез-құлық» - нашақорлыққа тәуелділік, қорғалмаған, ретсіз жыныстық қатынастар, дәстүрлі емес жыныстық бағдарды ұстану және тағы басқа факторларды анықтау мақсатында міндетті түрде құпия сауалнамадан өтеді.

Бұдан соң потенциалды донор терапевт дәрігерге қаралуға жіберіледі. Оның барысында дәрігер сауалнаманы қарап, қосымша сұрақтар қояды. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде  дәрігер донорлық, оның мүмкін болар қарсы көрсетілімдері мен тиімділігі туралы ақпарат беріп, неліктен өзінің жеке мақсатында (тексерілу, денсаулығын жақсарту және т.б.) донор бола алмауының себептерін түсіндіріп, тексеруге дейінгі талдаудың нәтижесі бойынша кеңес береді (қан тобы, гемоглобин, биохимиялық көрсеткіштер).

Әдетте тексеруден кейін жоғарғы дене қызуы, респираторлық көріністер, артериялық қысымның деңгейі мен жүрек жиырылуының жиілігі, шырышты және терідегі бөртпелер, гемоглобиннің төмендігінен болатын бозғылдық, салмақтың төмендеуі, денеге салынған «жаңа» әшекейлер, қауіпті соматикалық аурулары болған жағдайда терапевт донорлыққа қарсылығын білдіреді.

Потенциалды донорды қарауға 8-ден 12 минутқа дейін уақыт беріледі. Аталған кезеңде дәрігер өзінің қарсылығын, болмаса келісімін береді. 2014 жылы дәрігердің қабылдауынан соң 33,4 мың адамға немесе донорлыққа жіберілмеген адамдардың жалпы санының 59%-ына (56,5 мың адам) рұқсат берілмеді.

Донорды тексерудің маңызды кезеңі зертханалық диагностика болып табылады. Донорлардың қанын трансфузиялық инфекцияларға тексеру донация кезінде алынады, зерттеудің нәтижесі емханада қанның компоненттерін беруге дейін анықталады.

Донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау үшін қауіпсіз болып табылатын тиімді аппараттық тәсілдер қолданылады – донорлық плазмаферез, донорлық цитаферез (қанның жасушаларын - эритроциттер, тромбоциттер, гранулоциттер, перифериялық бағаналық жасушаны дайындау).

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай трансфузиялық індет маркерін анықтау мақсатында донорлық қанның екі кезеңдік скринингі жасалады. Бірінші кезеңде иммунологиялық тексеру жүргізіледі (індетті қоздырғыш антидене мен антигенді анықтау). Донорлық қандардың барлық болымсыздық үлгілері екінші кезеңге – молекулалық-генетикалық тексеруге (ПБР-зерттеу, қоздырушы геномын анықтау ошақтары) жіберіледі. Ол донорлық қан арқылы инфекцияны жұқтыру мүмкіндігін толығымен жоққа шығарады.

Елімізде скринингтің тиімділігін арттыру мақсатында теңдессіз шешім қабылданды – донорлық қанды зерттеуді толығымен автоматтандырылған құрылғыда жүргізудің талаптары нормативті түрде бекітілді. Аталған құрылғы қанның үлгілері мен реагенттерін өздігінен басқарып, тексерудің қорытындысына адами фактордың әсер етуіне жол бермейді. Сонымен қатар, медициналық ұйым жұмысына шағым түскен жағдайда төрелік зерттеулерді жүргізу мақсатында әрбір донацияның қан үлгілерін 3 жылға сақтау талабы бекітілді.

Қан орталықтарындағы автоматтандырылған ақпараттық бағдарлама зертханалық тексерулер нәтижесі болмаған жағдайда емханаларға қанның компоненттерін  жібермейтіндей етіп жасалған (қанның компоненттеріндегі заттаңба мөрі жабылып қалады).

Сондай-ақ, қанның компоненттерін қосымша өңдеу тәсілдері қолданылады - карантиндеу,  вирустазарту, лейкофильтрлеу.

Айта кету керек, қан орталықтары донорлық қанның АИТВ инфекциясына бірінші оң нәтижелі скринингтік қорытындысын алған соң, қан үлгілерін облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарына жібереді. Облыстық, қалалық ЖИТС орталықтарына нәтижесі айқындалған сұраныс бойынша қан орталықтары әрбір донор туралы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін (донор туралы ақпарат, мекен-жайы, отбасылық жағдайы, терапевтің қорытындысы, зертханалық тексерулер нәтижелері және т.б.) ақпарат жібереді.  Індет жұқтырған донорлардан алынатын барлық қан компоненттері жойылып, зарарсыздандырылады. Әрбір АИТВ инфекциясы  анықталған жағдайда ақпарат ресми түрде қан орталықтарына жіберіледі. Індетті жұқтырған адамдар туралы мәлімет донорлықтан өмір бойына шеттету үшін жасалған донорлар ақпараттық дерекқорына енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір адам қан доноры болуға құқылы. Осыған байланысты Қазақстанда кез келген Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ, шетел азаматы донор бола алады. Бұл – халықаралық тәжірибе. Сондықтан да еліміздің кез келген өңірінде өзге қаланың тұрғынына донор болуға шектеу қойылмайды.    

8 желтоқсан, 2015 - 19:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші