ҚР ДСӘДМ-де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген тапсырмалары талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген тапсырмалары талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау салаларының негізгі міндеттері туралы алқа мәжілісі өтті. 

Шараға вице-министрлер, жауапты хатшы, комитет төрағалары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Жиын басында сөз алған Тамара Дүйсенова әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Елбасы белгілеген тапсырмаларды іске асыруға, оның ішінде келесі жылы барлық әлеуметтік жауапкершілікті орындауға, қазақстандықтардың әл-ауқатының төмендеуіне жол бермеуге бар күш-жігерді салу керектігін атап айтты.  

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Б. Нұрымбетов ҚР жаңа Еңбек кодексі туралы баяндама жасады. Ол жаңа кодекс Мемлекет басшысының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында (83 қадам) дайындалғанын еске салды.

Жаңа Еңбек кодексі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің жауапкершілігі мен рөлін бөліп қарастырып, жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласуын шегін нақты анықтайды. Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын белгілеп, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылайтын болады.

«Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда ұжымдық шарттар арқылы, олардың өзара келісім мен шарттар жасасу негізінде жүзеге асырылатын болады», - деп атап айтты Біржан Нұрымбетов. 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жобасын жүзеге асыру нәтижелері туралы мәлімдеді. 

Ол жаңа Мембағдарламаны жүзеге асыру аясында эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі құрылатынын хабарлады.

Вице-министр жаңа Мембағдарлама отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталғанын айтты. Негізгі басымдық аурулардың алдын алу мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру болмақ.

Жаңа Мембағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстан тұрғындарының күтілетін өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа дейін артатын болады.

Алқа жиыны барысында жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай – АӘК) енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Ол жаңа үлгідегі АӘК-нің шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінетінін атап айтты.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.   

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.

 Сондай-ақ, Вице-министр 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін төлемдер мөлшерін төмендетпей, жәрдемақы тағайындау процедураларын жеңілдетуді қарастыратын арнаулы мемлекеттік жәрдемақының өзгертілетінін хабарлады.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ведомствоға бағынысты ұйымдар қызметкерлеріне барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. 

 

23 желтоқсан, 2015 - 18:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші