ҚР ДСӘДМ мен «Нұр Отан» партиясы «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын жүзеге асыру туралы Меморандум жасасты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ мен «Нұр Отан» партиясы «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын жүзеге асыру туралы Меморандум жасасты

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасының Меморандумына қол қойды.

Аталған құжат Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдық жерлердегі өзін өзі өнімді еңбекпен қамтыған азаматтар санын арттыру, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылық негізіндегі ұсақ тауарлы өндіріс, ауылшаруашылық өнімдерін қайта жасау, өткізу мен өндіру көлемін ұлғайту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында жасалды.    

«Бүгін біз «Нұр Отан» партиясымен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру бойынша Меморандумға қол қойдық. Жобаның негізгі мәні «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» қаражатының белгілі бір бөлігін өзіндік қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлы өндірісті дамытуға бағыттау болып табылады. Осы мақсатта микронесие сомасын 6 млн. теңгеге дейін көбейтеміз, сол арқылы өндірісті бірлесіп ұйымдастыру және қажетті мәселелерді шешу үшін, біз ұсақ фермерлік шаруашылықтар құруға және ауылдық тұтынушы кооперативтерге бірігуге ынталандырамыз. Ол, тұқыммен немесе жеммен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық техникасын немесе құрал жабдықтарды бірлесіп пайдалану, дайын өнімді өткізу мәселелері», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, Министр олардың өнімдерін азық-түлік тауарларына деген сұранысына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың (денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, түзету жүйесі және басқалар) сатып алуына мемлекет тарапынан  қолдау көрсетілетінін айтты.

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өтетін болады. Жақсы нәтижелерге қол жеткізген жағдайда бұл тәжірибе Қазақстан бойынша таратылады.

Аталған жобаны іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіншілік береді және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге жағдай жасайтын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі.

Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.

Қосымша жұмыс орындарын құру үшін «ЖҚЖК 2020» аясында қолданылатын келесі құралдарды: инфраструктуралық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалардың мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие беру күшейтілетін болады.

25 желтоқсан, 2015 - 15:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші