Қазақстанда Ұлтық дәрілік формуляр жасалды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда Ұлтық дәрілік формуляр жасалды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы Лариса Пак аталған мәселеге арналған брифингте мәлімдеді.

Дәрілік қамтамасыз ету мәселесі – мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Сондықтан да әрбір мемлекеттің халыққа ұсынатын дәрілік заттарының сапасы мен қолжетімділігі, қауіпсіздігі мәселелерін шешу жолдарын қарастыратын өзіндік дәрілік қамтамасыз ету ұлттық саясаты болуы тиіс. Қазіргі таңда Қазақстанда дәрілік заттарды тиімді қолдану мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін жүзеге асыру шараларына республикада тіркелген барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттар туралы, мүмкін болар кері әсерлері және әрбір дәрінің шектік бағасы туралы ақпарат қамтылған Ұлттық дәрілік формуляр (әрі қарай - ҚҰФ) енгізілуде», - деді Лариса Пак.

Ол формулярды жасау барысында ең үздік халықаралық тәжірибенің, фармакотерапияны жүргізудің дәлелді негізделген тәсілдері, клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік заттарды тұтыну дәрежесін зерттеу мәліметтері, әрбір ауруды емдеу курсының бағасы туралы ақпарат қолданылғанын хабарлады. Құжатты дайындауға Дүниежүзілік Банк сарапшылары, әлемде «алтын стандарт» болып есептелетін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының модельдік формуляры – Британ ұлттық дәрілік формулярын құраушы Дункан Энрайт, сонымен бірге, Еуропа, Австралия және Қазақстанның ең үздік мамандары қатысты.

«ҚҰФ бәсекелестік ортаны кеңейтуге, дәрілік заттарды сатып алудағы қаржылық адалдықты, сонымен қатар, дәрілік қамтамасыз етудің пациентке бағдарланған моделі негізінде препараттарды таңдау мүмкіндігін береді. Осылайша, ол тек дәрігерлер үшін ғана емес, еліміздің барлық азаматтары үшін ауқымды анықтамалық болмақ. Сондай-ақ, ол әрбір медициналық ұйымға өзінің дәрілік формулярын құруға, дәрілердің бағасы мен бағдарына қарай бюджетті дұрыс жоспарлауға жәрдемдеседі», - деп атап айтты Лариса Пак. 

Дәрілік заттардың шектік бағасын анықтау мен оны әрі қарай ҚҰФ-қа енгізу мақсатында баға белгілеу қағидаларының жаңа үлгісі енгізілді. Ол референтті баға белгілеу қағидаларына (ішкі және сыртқы), фармөндірушілер және олардың ресми өкілдерімен тікелей келіссөздер жүргізу және бағаларды тіркеу процестеріне негізделген.     

«Қазіргі таңда ҚР ДСӘДМ мамандары референтті баға белгілеу қағидаларына сай 3 мыңнан астам дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын саралады, аталған бағаларды арзандату бойынша фармөндірушілермен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде дәрілік заттардың 2842 бағасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 239 бағасы тіркелді. Ол 2015 жылдағы бағамен салыстырғанда 10%-дан 50%-ға дейін төмендеді», - деп хабарлады Лариса Пак.

Бүгінде ҚҰФ-қа 616 халықаралық патенттелген дәрілік заттардың атаулары, сонымен бірге, Дәрілік заттардың мемлекеттік реестрінде шектік бағасы анықталған дәрілік заттардың 2842 атаулары енгізілді.  ҚҰФ-ты жандандыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілетінін атап айту қажет. 

28 желтоқсан, 2015 - 16:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші