X
egov

You are here

2015 жылы ҚР ДСӘДМ ақпараттық-анықтама орталығының мамандары 334 мыңнан астам қазақстандықтарға қызмет көрсетті

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірегей ақпараттық-анықтама орталығына 334 мың 083 азамат хабарласқан, оның ішінде телефонмен қоңырау шалғандар – 284 мың 970, бос жұмыс орны туралы SMS-хабарлама жібергендер – 34 мың 360-ты құраса, е-mail, web-, wаp-портал арқылы 14 мың 753 хабарлама түскен. Барлық хабарламалар бойынша қазақстандықтарға онлайн режимде толық жауап берілді.    

Ақпараттық-анықтама орталығы 2011 жылдан бері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық базасында жұмыс істеп келеді. Азаматтар 1411 телефон нөміріне тегін хабарласып, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап аталған сервис арқылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға онлайн-консультация қызметі көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, қазақстандықтар 1411 нөмірі бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мекемесінің жұмысына қатысты шағымдарын білдіре алады.

Орталыққа республика аумағында жұмыс істейтін барлық абоненттік нөмірлер мен ұялы байланыс түрлерінен тегін қоңырау шалуға болады.    

Кеңес алумен қатар, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша келесі ретте ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсетіледі: 

е-mail: info@info.mintrud.kz;

web-портал: www.info.mintrud.kz (ғаламтор арқылы);

wap-портал: wap.info.mintrud.kz (ұялы телефоннан).

Сондай-ақ, 1411 нөміріне SMS-хабарлама жіберіп, тиісті елді мекендегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға болады. Сұраным жіберілгеннен кейін ұялы телефонға көрсетілген мамандық бойынша бос жұмыс орны бар жұмыс берушілердің байланыс мәліметтері көрсетілген хабарлама келеді.  SMS-хабарлама форматы: *жұмыс*қала коды*мамандық#. Мысалы, *жұмыс*7172*көлік жүргізуші#.  

29 желтоқсан, 2015 - 12:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші