ҚР ДСӘДМ бюджеттік қаржыны 5,7 млрд. теңгеге үнемдеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ бюджеттік қаржыны 5,7 млрд. теңгеге үнемдеді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттар тізімін оңтайландыру нәтижесінде 5,7 млрд. теңгені үнемдеді.

ҚР ДСӘДМ Формулярлық комиссиясы мүшелерінің шешімі бойынша жоғарыда аталған тізімнен клиникалық тиімділігі дәлелденбеген 110 медициналық дәрі-дәрмектің атауы алынып тасталды.

2015 жылы ҚР ДСӘДМ Формулярлық комиссиясының 8 отырысы өтті. Оның қызметінің басты нәтижесі клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттарға негізделген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарға баға белгілеу қағидалары мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа стратегиясын енгізу болды.

Сонымен бірге, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік реестрі негізінде бағалар базасы құрылады. Ол үнемі толықтырылып тұратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, формулярлық жүйе дәрілік заттарды тиімді пайдалануға, тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген медициналық дәрі-дәрмектерді қолдануға жәрдемдеседі. Формулярлық жүйенің толыққанды жұмыс істеуі халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету саласын жетілдіру негізінде медициналық қызмет сапасын жақсартуға ықпал етіп, дәрілік заттардың қолжетімділігі мен оларды сатып алуға әсер ететін болады.

Қазақстандағы формулярлық жүйені жетілдіру мақсатында ҚР ДСӘДМ Формулярлық комиссиясы жұмыс істейді. Оның құрамына Мәжіліс депутаттары, емханалық фармокологтар, ҚР ДСӘДМ бас мамандары, қауымдастық президенттері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Денсаулық сақтау ұлттық палатасының өкілдері кіреді. 

 

30 желтоқсан, 2015 - 11:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші