X
egov

You are here

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге жауапты ҚР ДСӘДМ мамандары шетелдік сарапшылардан кеңес алды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Oxford Policy Management компаниясының халықаралық кеңесшілерінің қатысуымен Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі - МӘМС) енгізу мәселелері бойынша екі күндік семинар басталды.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов, ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметтерге ақы төлеу көмитетінің және ҚР ДСӘДМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында халықаралық сарапшылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу Қазақстанда тұрақты дамитын денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға және көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жөніндегі жоба жетекшісі, халықаралық кеңесші Тата Чантуридзе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау секторы үшін ресурстарды жинақтауға, сондай-ақ медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Екі күн ішінде Oxford Policy Management компаниясының сарапшылары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының операциялық рәсімдері мен оның жарғысын әзірлеу, ақпараттық жүйелерді енгізу, Қазақстанның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ауысуы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі щеңберіндегі медициналық қызметтердің құжаттарын дайындау мәселелері бойынша кеңес береді.

 

14 қаңтар, 2016 - 19:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші