Т.Дүйсенова мен С.Соялу әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т.Дүйсенова мен С.Соялу әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті

Бүгін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі шеңберінде өткен екі жақты келісімнің нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова және Түркияның Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Сулейман Соялу әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қоюға келісті.

Тараптар өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтылуға тарту және оларды әлеуметтік қамсыздандырумен қамту мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның протездік-ортопедиялық саласын дамыту туралы келісімге келді.

Естеріңізге саламыз, Парижде өтіп жатқан жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің кездесуінде әлемнің 42 елінің өкілдері қатысуда.

15 қаңтар, 2016 - 23:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші