Т. Дүйсенова және И. Веннемо зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова және И. Веннемо зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасады

Бүгін Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) қатысушы мемлекеттердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша министрлердің кездесуі шеңберінде жүргізілген екі жақты келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және Швецияның Жұмыспен қамту министрінің жауапты хатшысы Ирен Веннемо зейнетақымен қамсыздандыруды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қоюға келісті.

Тамара Дүйсенова сондай-ақ Германияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер федералдық министрлігінің өкілі Сюзан Гофманмен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кадрларды оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріндегі екі жақты ынтымақтастықты белсендіру туралы келісімге қол жеткізілді. 

Естеріңізге сала кетейік, Парижде өтіп жатқан жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша министрлер кездесуіне әлемнің 42 елінің өкілдері қатысуда.

15 қаңтар, 2016 - 23:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші