Т. Дүйсенова және А. Сомма ЭЫДҰ елдік бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова және А. Сомма ЭЫДҰ елдік бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті

15 қаңтарда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі шеңберінде өткен екі жақты келісімнің нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова және ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі еуразиялық бағдарламаның басшысы Антонио Сомма ЭЫДҰ Еуразиялық бағдарламаны жүзеге асыру және оның аясында орындалатын үш шолу бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті.

Бұрын хабарланғандай, ЭЫДҰ өкілдерімен кездесу барысында Тамара Дүйсенова «Үш топқа: жастарға, қарт қызметкерлерге және халықтың осал топтарын қорғауға бағытталған саясатты шолу», «Қазақстан үшін ЭЫДҰ денсаулық сақтау жүйесін шолу» және «Қазақстан үшін ЭЫДҰ Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын шолу» жобаларын әрі қарай іске асыру мәселелерін талқылаған болатын.  

Естеріңізге саламыз, Парижде өтіп жатқан жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің кездесуінде әлемнің 42 елінің өкілдері қатысуда.

16 қаңтар, 2016 - 16:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші