Француз мамандары Қазақстанның онкологиялық қызметін жетілдіруге көмектеседі | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Француз мамандары Қазақстанның онкологиялық қызметін жетілдіруге көмектеседі

Бүгін  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенованың Париждегі жұмыс сапары  шеңберінде өткен екі жақты кездесудің нәтижесінде Гюстав Русси атындағы Онкологиялық институттың бас директоры, профессор Александр Эггермонтпен тиісті келісімдерге қол жеткізілді.

Тараптар Қазақстанда онкологиялық аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің өзекті мәселелерін талқылады. Келісімнің қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова және Александр Эггермонт Қазақстанның онкологиялық қызметін дамыту мәселелері бойынша серіктестікті ары қарай жалғастыруға, сондай-ақ  Қазақстанның онкологиялық қызметін жетілдіру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру мақсатында Гюстав Русси атындағы Онкологиялық институттың мамандарының Астанаға келуі жөнінде келісті.

Естеріңізге саламыз, 2015 жылғы қыркүйекте Тамара Дүйсенова мен Александр Эггермонт арасында Қазақстанның онкологиялық қызметін дамытудың жол картасын әзірлеу бойынша ынтымақтастық жөнінде келісімге қол жеткізілген болатын. Сол кезде Александр Эггермонт ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрінің Қазақстан Республикасының ересектер үшін онкологиялық қызметін дамыту мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған. 

16 қаңтар, 2016 - 16:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші