Дәрігерлер жұмысқа рұқсат алу үшін 25 мың теңгеге дейін қаржы төлеуі тиіс деген ақпарат шындыққа сай келмейді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Дәрігерлер жұмысқа рұқсат алу үшін 25 мың теңгеге дейін қаржы төлеуі тиіс деген ақпарат шындыққа сай келмейді

Дәрігерлер жұмысқа рұқсат алу үшін 25 мың теңгеге дейін төлеуі тиіс деген Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысына сілтеме жасай отырып таратылған ақпарат шындыққа сай келмейді.

ҚР ДСӘДМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрамына кіретін Дағды және білімді бағалау республикалық орталығының (әрі қарай - ДББРО) жетекшісі Гүлмира Жангерееваның мәліметі бойынша, медициналық қызметкерлердің кәсіби даярлығын тәуелсіз бақылаудың жаңа жүйесі біліктілікті растаудың халықаралық стандарттарына өтуіне байланысты «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында енгізілген болатын. Халықаралық тәжірибеде сертификатты (немесе лицензияны) алу практикалық жұмысқа рұқсат алудың міндетті шарты болып табылады, ал мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды тәуелсіз ұйым ақылы түрде жүзеге асырады. Қазақстандық дәрігерлер өз кәсіби жарамдылықтарын әрбір 5 жыл сайын растап отырады. Емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда оларға сертификат беріледі. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қызметкерлердің білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау қызметінің бағасы 2950 теңге көлемінде бекітілген. Бұл аталған процедураларды ұйымдастырудың өз бағасынан аспайды.  

Санатты бере отырып біліктілік сәйкестігін растау 5 жылда бір рет өткізілетін, ерікті процедура болып табылады. Санатты беру еңбекақыға үстемақы жасауды қарастырады. Аталған процедураның бағасы 13 598-ден 24 285 теңгеге дейін болады. Қызметтің тарифі өзіндік құнынан аспайды, оның құрамына техникалық қолдау, жоғарғы білікті тәуелсіз экзаменаторларды, стандартталған пациенттерді, аймақтық сарапшыларды шақыру, сонымен бірге, емтихан кезіндегі шығын материалдары кіреді.

Тәуелсіз бағалауды өткізудің ережелері мен тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы №404 бұйрығымен бекітілген. Аталған құжатқа сәйкес, білім мен дағдыларды бағалау процедурасынан өту жұмыс берушінің қаржысына, маманның өз қаражатына немесе заңмен шектелмейтін өзге де қаржы көздері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

 Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ДСДРО медициналық қызметкерлердің білімі мен дағдыларын бағалау саласында ұлттық аккредитациядан өтіп, аталған қызмет түрін көрсетуге құқылы болды. Өткен жылдың 4 тоқсанында бағалау шаралары Дүниежүзілік банк жобасының аясында тегін өткізілген болатын. Аталған жобаның аяқталуына байланысты бұл процедураны аккредиттелген ұйым ақылы негізде жүргізеді. 

Бағалаудың бірінші кезеңі компьютерлің тестілеу түрінде өтеді, екіншісі – пациенттердің әртүрлі патологиялық жағдайларды сипаттайтын роботталған манекен көмегімен өткізіледі. 

Білім мен дағдыларды бағалау процедурасы медициналық қызметтердің сапасын арттыру мен пациенттердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілген. 

19 қаңтар, 2016 - 17:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші