2015 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қазақстандықтарға бала тууына, асырап алуына және күтіміне байланысты 112,7 млрд. теңгеден астам қаражат төленді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2015 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қазақстандықтарға бала тууына, асырап алуына және күтіміне байланысты 112,7 млрд. теңгеден астам қаражат төленді

2015 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 112,7 млрд. теңге төленді.  

Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2015 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 50,97 млрд. теңге сомаға 173 230 әйелге берілді.   

Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2015 жылы 20 729 теңгені құрады. Ай сайын әлеуметтік төлемнің мұндай түрін 61,7 млрд. теңге сомаға 193 мың адам алды.    

20 қаңтар, 2016 - 17:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші