X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ Министрліктің Қоғамдық кеңесін қалыптастыратын жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі байқау жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыратын жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы болуы шарт.

Сонымен қатар, үміткер сотталғандығының болмауы; сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде кандидаттың толық аты-жөнін көрсете отырып, өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттары қоса беріледі. Үсынысын жолдаған әрбір коммерциялық емес ұйым немесе әрбір азамат бір ғана үміткерді үсына алады.

.Құжаттарды қабылдау -  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 2016 жылдың 1 ақпанына дейін мынадай мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 916 кабинет. 

22 қаңтар, 2016 - 21:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші