Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 жылы сырқаттану 11,9%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда  58,5-ті құрады (2014 жылы – 66,4), өлім жағдайы 22,4%-ға төмендеп,  100 мың тұрғынға шаққанда  3,8-ді құрады (2014 жылы – 4,9).

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтары туберкулезді, сонымен бірге, оның дәрілерге төзімділігі бар түрлерін диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Республикада қажетті дәрілік заттардың көлемі жеткілікті дәрежеде.

2015 жылы алғашқы рет сезімтал туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылы 86,4% болған көрсеткіш 87,6%-ды құрады (ДДҰ стандарты– 85%).

2015 жылдың нәтижесі бойынша сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі көп екінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда  99,4%,-ды, пенитенциарлық секторда – 98%-ды (ДДҰ стандарты – 85%) құрады. Сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі кең үшінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда  99,8% (ДДҰ стандарты– 85%) болды. 

25 қаңтар, 2016 - 16:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші