X
egov

You are here

Қазақстан ауруханаларында тұмаудан 23 адам емделіп шықты

Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 116, ЖРВИ-мен 10 мың 269  адам жатқызылды. 24 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 23, ЖРВИ-дан 4 мың 246 пациент емделіп шықты. Бүгінгі таңда ауруханаларда «Тұмау» диагнозымен 93 адам ем қабылдауда. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды.

Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканың барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеңде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. ҚР ДСӘДМ мамандары аурудың деңгейіне күнделікті бақылау жүргізіп отыр.

Қазақстанда аурудың алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларының аралығында 1 млн. 700 мың адам, оның ішінде жалпы республика тұрғындарының 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

Тұмау – бұл ауа арқылы жылдам таралатын, вирустық тұмаудан туындайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудың қауіпті кезеңінде жоғарғы дене қызуы, бас ауруы, бұлшықет пен буындардың ауруы байқалып, одан кейін мұрын бітеліп, жөтел пайда болып, тамақ ауыра бастайды. Дәрігерге дер уақытында қаралмау, оның тағайындаған емін қабылдамау, қосымша созылмалы аурулардың болуы өкпенің қабынуы, бронхит, бронхопневмония сияқты ауыр асқынуларға әкеліп, өлімге себепші болуы мүмкін. 

ҚР ДСӘДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға – бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудың бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау – жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 15 қаңтарындағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2015 жылдың 1 қазанынан) 270 тұмаудың зертханалық дәлелденген жағдайы мен 229 мыңнан астам ЖРВИ тіркелген болатын. Сырқаттанған адамдардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл жалпы көрсеткіштің 70%-ын құрайды. Мониторинг нәтижесі бойынша елімізде тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бақылау көрсеткіштері шамадан шыққан жоқ. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, аталған аурумен сырқаттану 13%-ға төмендеген.

19 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин республикада тұмаудан болған 1 өлім жағдайы туралы хабарлаған болатын.

28 қаңтар, 2016 - 17:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші