Астанада онкологиялық орталық базасында химиялық препараттарды жасау бойынша бірегей орталық ашылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада онкологиялық орталық базасында химиялық препараттарды жасау бойынша бірегей орталық ашылды

Астана қаласының әкімдігі мен Гюстав Русси (Франция) атындағы онкология институты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында астаналық онкоорталық базасында химиялық препараттарды жасау бойынша орталық ашылды. Орталықтың ерекшелігі – онкоауруларды емдеудің халықаралық хаттамаларына сай химиялық препараттардың мөлшерлемесін дәл белгілеу және қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қымбат медициналық препараттарды тиімді қолдану – бюджеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Орталық дәріні тағайындау мен емдеуді бақылауды, сонымен бірге, медикаменттердің зарарсыздығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ауыр жағдайларда Франциядағы әріптестермен онлайн режимде телеконсультация өткізу мүмкіндігі де бар.

Сонымен қатар, француздық әріптестермен бірге аурудың диагнозы мен кезеңіне сәйкес емдеу шараларын тағайындаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуде.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова химиялық препараттар жасау орталығының жұмысымен танысып, Астана қаласындағы онкологиялық орталықтың барлық бөлімшелеріне барды.

Онкоорталықтың қызметкерлері Тамара Дүйсенованы True Beam заманауи сызықтық үдеткішінің және ҚР-дағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 2015 жылдың шілдесінде пайдалануға берілген виртуалды симуляция жүйесі бар 64-кесіктік компьютерлік томограф жұмысымен таныстырды.

Министр онкологиялық орталық ұжымымен, ҚР ДСӘДМ, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ), Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен кеңес өткізді. Отырыс барысында Астанадағы онкоқызметтің дамуы туралы онкоорталықтың бас дәрігері Мұхтар Төлеутаевтың баяндамасын тыңдады. Денсаулық сақтау жүйесінің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасының аясында онкологиялық қызмет мәселелерін шешу туралы ҚазОРҒЗИ директоры Қуаныш Нұрғазиев баяндады. 

Кеңестің қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова республиканың онкологиялық қызметінің мәселелерін шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.  

29 қаңтар, 2016 - 15:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші