X
egov

You are here

1-10 ақпан аралығында қазақстандықтар онкологиялық аурулардың алдын-алу мақсатында бейінді мамандардың кеңесін тегін ала алады

Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні шеңберінде 2016 жылғы 1-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Біздің қолымыздан келеді! Менің де қолымнан келеді!» ұранымен онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтауға арналған онкүндік өтеді. Шара шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (әрі қарай – МСАК) ұйымдарында және онкологиялық диспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылады. Азаматтар тегін медициналық тексеруден өтіп, бейінді мамандардың кеңесін ала алады.      

Онкүндік мақсаты – онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтау мәселелерінде тұрғындардың және медициналық қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ, скринингтік тексерулерді уақытылы өтудің қажеттігі жөнінде халықты ақпараттандыру болып табылады.    

Шара шеңберінде республиканың барлық өңірінде МСАК ұйымдарында онко-қырағылықты арттыру және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге семинарлар және халық көп жиналатын орындарда кең ауқымды іс-шаралар өткізіледі. МСАК ұйымдарында және онкодиспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылып, кардиолог, эндокринолог, пульмонолог, акушер-гинеколог, уролог және онколог мамандар кеңес береді.

Айта кету керек, аталған іс-шаралардың барлығы өңірлерде 1-10 ақпан күндері аралығында өткізіледі. Толық ақпаратты азаматтар МСАК ұйымдарынан және онкодиспансерлерден ала алады.   

Онкологиялық аурулармен күресу – ҚР денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Отандық денсаулық сақтау ұйымдарында обырды диагностикалау және емдеуге қажетті барлық озық технологиялар бар. Әсіресе, ауру ерте кезеңде анықталған жағдайда науқас үшін обырдан толықтай айығып кетуге мүмкіндік бар. Скринингтік медициналық тексерістер қатерлі ісіктің алдын алуда және ерте кезеңде анықтауда ең тиімді тәсіл болып табылады. 2015 жылы республикада онкологиялық скринингтер аясында ересек тұрғындардың мақсатты топтарына 1,5 млн-нан астам тексеру жүргізілген болатын.     

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық обырға қарсы одақтың бастамасымен Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда атап өтіледі. Өткен жылы шара «Бұл қолымыздан келеді!» ұранымен өткен болатын. 

1 ақпан, 2016 - 15:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші