X
egov

You are here

Қазақстан ауруханаларында тұмаудан 165 адам емделді

Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 245, ЖРВИ-мен 14 мың 596  адам жатқызылды. 31 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 165, ЖРВИ-дан 10 мың 197 пациент емделді. Қазіргі таңда ауруханаларда «Тұмау» диагнозымен 80 адам емделуде. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды.

Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканың барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеңде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. Жедел медициналық көмектің қосымша бригадалары құрылып, емханаларда қосымша телефон желілері ұйымдастырылды. ҚР ДСӘДМ мамандары аурудың деңгейіне күнделікті бақылау жүргізіп отыр.

Қазақстанда аурудың алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларының аралығында 1 млн. 700 мың адам, оның ішінде жалпы республика тұрғындарының 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

ҚР ДСӘДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға – бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудың бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау – жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеңес береді.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 29 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2015 жылдың 1 қазанынан) тұмаудың 667 зертханалық дәлелденген жағдайы мен 293 мыңнан астам ЖРВИ тіркелген. Жалпы алғанда, елімізде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану ұйғарынды көрсеткіштен асқан жоқ, сонымен қатар, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен болып отыр.   

2 ақпан, 2016 - 15:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші