X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шаралары талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Вице-министр Светлана Жақыпованың төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары «Біртектілік пен бірлік» IV бағытының аясында жүргізілетін жұмысты түсіндіру аймақтық ақпараттық тобының мүшелерімен селекторлық кеңес өтті.

Отырыс барысында Вице-министр бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша жүргізілген жұмыс туралы хабарлады.

Сонымен, Ұлт жоспарының 87-қадамы - азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша «Қайырымдылық туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Оның мақсаты – қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, қолдау және қалыптастыру арқылы қоғамды өздігінен дамытуға ықпал ету.

Заң қайырымдылықтың жалпы ережелерін, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін, филантроптық, демеушілік, меценаттық қызметтердің жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

«Заң қайырымдылық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік, медициналық ұйымдарға, этномәдени бірлестіктерге, мәдениет және өнер, білім мен ғылым, спорт, сонымен қатар, Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар ұйымдарға, аталған салаларға еңбегі сіңген қайраткерлерге көрсетуді қарастырады», - деп мәлімдеді Светлана Жақыпова.

Ұлт жоспарының 85-қадамы - «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу аясында Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жаңғыртылды.

Жалпыұлттық жоспарға қосымша шаралар енгізілді: репродуктивті денсаулықты сақтау саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру; өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларын қолдау қызметін құру шаралары, электрондық денсаулық төлқұжатын енгізу және т.б.

Жоспардың 88-қадамын жүзеге асыру мақсатында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Вице-министр Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының қазақстандық азаматтардың көркейген, табысты ұлт ретінде қалыптасуына тигізер әсерін баса айтты.

Кеңестің қорытындысы бойынша Светлана Жақыпова аймақтық ақпараттық топ мүшелеріне аталған бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. 

4 ақпан, 2016 - 18:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші