X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ құтыру ауруына күдігі бар жануарлар тістеп алған жағдайда кідірмей медициналық ұйымдарға баруды ұсынады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі барлық қазақстандықтарға құтыру ауруының ұлғаюына байланысты белгісіз немесе құтыру ауруына күдігі бар жануарлар тістеп алған жағдайда республиканың медициналық ұйымдарына жүгінуді ұсынады.  

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда құтыру ауруынан болған 6 жағдай тіркелген, аурудың көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,03 (2014 жылы 3 жағдай, көрсеткіш – 0,02) құрады. 2016 жылғы қаңтарда құтырудың 2 жағдайы тіркелді, аурудың көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,01 болды. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде құтыру жағдайы тіркелген жоқ.

Құтыру – зақымданған жануар тістеп алғаннан кейін туындайтын жіті жұқпалы ауру. Ол жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуынан басталып, әдетте өліммен аяқталады.

Адамдарда инкубациялық кезең 10 күннен 2 айға дейін болады, дегенмен, оның 5 күнге қысқартылып, 1 немесе одан да көп жылға ұзартылған жағдайлары да белгілі.  

Аурудың алғашқы белгілері қауып алынған жерде бұлшықеттің дірілдеуі, қышуы, ауыруы байқалады. Аурудың алғашқы уақытында себепсіз мазасыздық, қорқыныш, сәуле және дыбыс қоздырғыштарына өте жоғарғы сезімталдық, субфебрильдік дене қызуы байқалады. Ауру күн санап күшейіп, сал ауруы пайда болады. Дем алу және жүрек-қантамырлары қызметінің тоқтатылған кезінде адам қайтыс болады.

Тек дәрігер ғана құтыру вирусымен зақымдану қаупін анықтап, қажет жағдайда екпе курсын белгілейді. Құтыруға қарсы иммундау үшін антирабиялық вакцина мен иммуноглобулин қолданылады. Олар зақымданған адамдар уақытылы медициналық көмекке жүгінген жағдайда және екпе алудың барлық шарттарын орындағанда аурудан қорғауға кепілдік береді. Ешбір жағдайда тағайындалған емнен бас тартуға, өз еркімен оны тоқтатуға болмайды, ол қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін.

11 ақпан, 2016 - 17:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші