X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі байқау жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Министрліктің Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөніндегі байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан жасақталған жұмыс тобы қалыптастырады.

Миинстрліктің Қоғамдық кеңесін құру бойынша жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы №115 бұйрығымен бекітілген.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы болуы шарт.

Сонымен қатар, үміткер сотталғандығының болмауы; сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде кандидаттың толық аты-жөнін көрсете отырып, өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттары қоса беріледі. Үсынысын жолдаған әрбір коммерциялық емес ұйым немесе әрбір азамат бір ғана үміткерді үсына алады.

Құжаттарды қабылдау -  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 2016 жылдың 1 ақпанына дейін мынадай мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 916 кабинет. 

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық мәні бар мәселелері бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданған.

12 ақпан, 2016 - 17:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші