Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру Жол картасы жасалады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру Жол картасы жасалады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

Министр әлемнің барлық мемлекеттерінде вакциналау – індетпен күрестегі ең тиімді, қолжетімді, үнемді шара ретінде мойындалғанын атап айтты. ҚР Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынымдарына сай келеді, сонымен қатар, 21 жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шараларын қарастырады. Халықты иммундау шаралары тегін өткізіліп, жыл сайын 8 млн-нан астам адам егіледі. Вакциналау кезінде ДДСҰ-мен сертификацияланып, сапасы дәлелденген вакциналар қолданылады.

Сонымен бірге, Қазақстанда вакциналаудан бас тарту көрсеткіші ұлғайды, бұл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ҚР ДСӘДМ Ұлттық егу күнтізбесін жүзеге асыру тиімділігін арттыру Жол картасын жасады.

 «Ол келесі бағыттағы жұмыстарды қарастыратын болады: вакциналауды өткізу кезіндегі проблемаларды анықтап, оларды мүдделі жақтармен талқылау; орын алып отырған кемшіліктерді сатылай жою және оларды ҚР Үкіметі жанындағы денсаулық қорғау жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында қарастыру; имуннопрофилактика Ұлттық регистрін жасау мен енгізу; жұқпалы ауруларды ескерту мен олардың алдын алу бойынша қоғамды әлеуметтік жұмылдыру жоспарын жасау; аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мен бақылау жүйелерін жетілдіру», - деді Тамара Дүйсенова.

Аталған Жол картасын жүзеге асыру – вакцина арқылы басқарылатын жұқпалы аурулардан болатын сырқаттану мен өлімді азайтуға, сонымен қатар, вакциналаумен қамту бақылауын жүргізуге мүмкіндік беретін вакциналанған адамдардың Ұлттық регистрі ақпараттық қорын құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жол картасын жүзеге асыру вакцина және өзге де имуннобиологиялық препараттарды сақтау мен тасымалдау кезіндегі «салқындату тізбегі» қауіпсіздігін бақылауды; вакциналаудан бас тартқан адамдар санын және иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлардың көрсеткішін төмендетуді қамтамасыз етеді.   

18 ақпан, 2016 - 18:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші