Қазақстанда оқушыларды жыл бойғы сауықтыру жүйесі жасалады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда оқушыларды жыл бойғы сауықтыру жүйесі жасалады

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

Министр Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру  қарастырылып отырғанын хабарлады.  

«Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Оған балаларды профилактикалық тексеруді, мектеп қызметінің күнтізбелік кезеңіндегі сауықтыру шараларын ұйымдастыру, мектептегі денсаулық сақтайтын технологияларды енгізу кіретін болады», - деді тамара Дүйсенова. 

Министр сауықтыру шараларының күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды көздейтінін түсіндірді: қаңтардан наурыз айына дейін – профилактикалық тексерулерді өткізу, денсаулық топтарын құру, диспансерлік есепке тұрғызу, сауықтырудың жеке жоспарларын дайындау; сәуір мен мамыр айларының аралығында – жоспарға сәйкес сауықтыру шаралары, маусым мен тамыз айларының аралығында – оқушыларды мектеп жанындағы, қаладан тыс жерлердегі лагерьлерде сауықтыру, санаторлық-курорттық емдеу шараларын жүзеге асыру; қыркүйек пен қараша айларының аралығында – профилактикалық тексерулерді жалғастыру, денсаулық топтарын, диспансерлік есепке тұрғызу, сауықтырудың жеке жоспарын дайындау; желтоқсанда – профилактикалық тексеру кестесін жасау, мамандардың шығу бригадаларын жасау.

Айта кету керек, профилактикалық тексерулер мен оқушыларды сауықтыру алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында емес, білім беру ордаларында жүзеге асырылатын болады.

Оқушыларды сауықтыру үшін денсаулық сақтау технологиялары қолданылатын болады. Бұл мүсін мен көрудің бұзылуын алдын алу шаралары, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық процедуралар, «функционалдық» тамақтану азық-түліктерін қолдану (қышқыл сүт өнімдері), фитопрепараттар мен оттегі коктейлін қолдану, сонымен қатар, дене шынықтыру минуттарын, мүсін мен көзге арналған, тыныс алу жолдарының гимнастикасын жасау жоспарланып отыр.

Оқушылардың дұрыс тамақтануы мен аурулардың алдын алу шаралары бойынша мұғалімдер және ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударылатын болады.

«Балаларды оқу кезінде, сонымен қатар, демалыс мерзімінде сауықтыру шаралары оқушылардың денсаулығын нығайтуға, тірек-қимыл аппараты бұзылуын алдын-ала ескертуді дамытуға, жіті респираторлық аурулармен жиі сырқаттанатын балаларда осы аурудың жиілігін төмендетуге, оқушылардың көру қабілетін жақсартуға және т.б. мүмкіндік береді», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.   

Мектептегі медицинаны беруді аяқтау 2017 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр. 

18 ақпан, 2016 - 19:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші