X
egov

You are here

Қазақстанда ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткішін арттыру мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарлама жетілдірілетін болады

 

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

Министр бүгінгі таңда Қазақстанда ауруларды анықтау жоғарғы деңгейде еместігін, скрининг өткізу үшін жасалатын тұрғындардың мақсатты топтары әркез сапалы жасала бермейтінін, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру медициналық техникамен қажетті деңгейде қамтамасыз етілмей отырғанын айтты.

Тамара Дүйсенова Ұлттық скринингтік бағдарламаны бағалау үшін Дүниежүзілік банктің сарапшыларын шақыру арқылы жұмыс тобы құрылатынын хабарлады.

Скринингті ұйымдастыруды жақсарту мақсатында скринингтік бағдарламаны өткізу алгоритмі қайта қаралады, скрининг түрлері оңтайландырылады. Сонымен бірге, медициналық ұйымдарды техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді есепке ала отырып, жүктеме нормативтерін қайта қарау жоспарланып отыр. Ауруды ерте кезеңде анықтау мәселелері бойынша медқызметкерлерді оқыту ұйымдастырылып, скринингтік тексеруден өткен азаматтарды бақылау мен есепке алудың ақпараттық жүйесі құрылады. Мұның барлығы әлеуметтік мәні бар аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ, асқынулар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда скринингтер қан айналым жүйесі ауруларын, жатыр мойны, сүт бездері обырын, колоректальді обырды, асқазан мен өңеш, бауыр, қуықалды без обырларын, глаукома, В және С гепатиттерін анықтау бойынша жүргізіледі.   

Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап 5 облыс пен 2 қалада, 2014 жылдан бастап қосымша 4 облыста – жатыр мойны обыры ауруымен сырқаттанған адамдар көрсеткіші жоғары аймақтарда қыздарды адам паппиломасы вирусына қарсы вакциналау енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 жыл ішінде, 2008-2014 жылдар аралығында 71 161 320 скрининг-зерттеулер жүргізіліп, 16 420 544  адам тексерілді. 

18 ақпан, 2016 - 18:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші