Қазақстандықтар профилактикалық тексеруден өткені туралы анықтаманы ХҚКО-да ала алады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстандықтар профилактикалық тексеруден өткені туралы анықтаманы ХҚКО-да ала алады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

Министр Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында емханалардағы жасанды кезекті азайту мақсатында ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетілетінін хабарлады.

Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) мерзімі өтпеген жағдайда, денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады.  

Профилактикалық тексеру нәтижесі бойынша азаматтың денсаулығы туралы мәліметтер пациенттерді сауықтыру мен денсаулық топтарын құру мақсатында бірегей ақпараттық жүйеге жіберіледі.

 «Қабылданған шаралар нәтижесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы кезек азаяды, бағдарлы мамандардың жүктемесі жеңілдетіледі, пациенттердің медициналық анықтама алу шығындары азаяды», - деді Тамара Дүйсенова.  

Жыл сайын республика бойынша прфилактикалық медициналық тексерумен қамту 7,8 млн-нан астам адамды құрайды, оның ішінде 4,5 млн. астамы әйелдер және 3,3 млн. ер адамдар.  

 

18 ақпан, 2016 - 18:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші