Қазақстандық медициналық ЖОО-да мамандарды үздік шетелдік медициналық мектептермен бірлесе отырып дайындайтын болады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстандық медициналық ЖОО-да мамандарды үздік шетелдік медициналық мектептермен бірлесе отырып дайындайтын болады

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

Министр Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында медициналық білім беруді жаңғыртуға баса назар аударылатынын хабарлады. 

«Медициналық білім беруді жетілдіру үздік шетелдік медициналық стандарттарды  трансферттеу негізінде іске асырылатын болады. Осы мақсатта қазақстандық медициналық ЖОО мен шетелдік медициналық мектептер арасында тығыз байланыс ұйымдастырылады», - деді Тамара Дүйсенова. 

Министр отандық медициналық ЖОО-дың ықтимал стратегиялық әріптестері ретінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Финляндия және т.б. елдердің медициналық мектептері қарастырылатынын мәлімдеді.

Үздік шетелдік ЖОО қатарынан стратегиялық әріптесі анықталатын алғашқы отандық ЖОО - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті болмақ. Бастапқы кезеңде-ақ ҚазҰМУ басқару шетелдік әріптестермен бірге жүзеге асырылатын болады, одан кейін кезең-кезеңімен университетті сенімгер басқару түріне беріледі.

Медициналық білім беруді жетілдіру шеңберінде талапкерлерді арнайы тест көмегімен таңдау тәсілдері жаңғыртылып, дәрігерлер мен резиденттерді базалық дайындаудың жаңа білім беру бағдарламалары енгізіледі. Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуеті арттырылып, білім беру, ғылыми қызмет және медицинаның практикасы процестерін біріктіретін университеттік емханалар құрылады.

 

18 ақпан, 2016 - 10:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші