2016 жылдан бастап әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмек еліміздің барлық аймақтарында пилоттық тәртіпте енгізілетін болады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2016 жылдан бастап әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмек еліміздің барлық аймақтарында пилоттық тәртіпте енгізілетін болады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Сонымен бірге, Министр 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсетуді енгізудің «Өрлеу» республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар қосымша 38 аудандар мен қалаларда жергілікті бюджет есебінен іске асырылуда.

Жалпы алғанда, республикалық және аймақтық пилоттық жобаларға 20,2 мың адам қатысты. Оны жүзеге асырудың нәтижесінде жоба қатысушыларының жан басына шаққандағы табысы 2 есеге ұлғайды: аймақтардағы АӘК алушылары саны 31,8%-ға азайды, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы (МБЖ)  - 2,1%-ге; пилоттық жобаның 90%-ға жуық еңбекке жарамды қатысушыларын жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды.

2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заңда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік жәрдемақының үш түрін жаңа форматта бір атаулы әлеуметтік көмек түріне ауыстыру қарастырылады.

«Заң нормаларын кең көлемде жүзеге асыруға дайындалу мақсатында 2016 жылдан бастап әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек еліміздің барлық аймақтарында пилоттық тәртіпте енгізілетін болады», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова. 

 

18 ақпан, 2016 - 19:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші