X
egov

You are here

Қазақстанда туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық басталды. Ол  2016 жылғы 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтеді.

Айлық өткізудің мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтауға қатысты қырағылығын арттыру; профилактикалық шараларды күшейту; салауатты өмір салтын ұстануға және профилактикалық тексерістерді уақытында өтуге жағдай жасау; тұрғындардың туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында емделудің тиімділігі, темекіден, есірткіден, алкогольдік ішімдіктерден бас тарту, дұрыс тамақтану және физикалық белсендік, профилактикалық шаралар туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.  

Айлық аясында республика бойынша МСАК ұйымдарында фтизаиатрлар мен өзге де мамандарды шақырту арқылы ашық есік күндерін өткізу; медициналық қызметкерлер үшін туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау жөнінде оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру; денсаулық мектептерінде иммунитетті нығайту мен микроағзаларға деген тұрақтылықты арттыру мақсатында қауіптің мінез-құлық факторларының алдын алу, физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтануды насихаттау жұмыстары жалғастырылатын болады. 

Туберкулез – Кох бацилласының микробактериясы арқылы туындайтын инфекциялық ауру, ол көбіне өкпені (80%) және сирек өзге органдарды (20%) зақымдайды. Туберкулез адамнан адамға ауа-тамшы арқылы жұғатын және өлім-жітімге себеп болатын жұқпалы агенттерден туындайтын аурулардың ішінде АИТВ/ЖИТС-тен кейінгі екінші орынды алады.      

Өкпе туберкулезінің белсенді түрі жөтелмен, кейде қан аралас және қақырық түрінде, кеуде тұсының ауыру сезімі, әлсіздік, салмақ жоғалту, дене қызуының көтерілуі, түнде терлеу арқылы білінеді. Балалардағы туберкулезді анықтаудың маңызды тәсілі - Манту 2ТЕ туберкулиндік пробасын орнату болып табылады.

Дәрігерлерге уақытында қаралу туберкулезді емдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары туберкулезден болатын аурулар мен өлім-жітім көрсеткіші төмендеді.

ҚР ДСӘДМ Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығының алдын ала мәліметтерінше, 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 11,9%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 66,4-тен 58,5-ға дейін), ал өлім -  22,4%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылғы 4,9-дан 3,8-ге дейін).

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні жыл сайын 24 наурызда атап өтіледі.

24 ақпан, 2016 - 10:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші