X
egov

You are here

Шымкентте есірткі қолданушылар арасындағы АИТВ-ның алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін Шымкентте «Аман-саулық» қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған  «Қазақстандағы ЖИТС-тің алдын алу үшін алмастырушы апиындық терапияны енгізу» тақырыбында қоғамдық тыңдау болып өтті.  

Шараға денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының, наркологиялық диспансерлердің, құқық қорғау органдарының (ІІД наркобизнеспен күрес басқармасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, есірткіге тәуелді науқастар және олардың туыстары қатысты.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдар арасында АИТВ-нің таралуы мен алмастырушы апиындық терапияны (әрі қарай - ААТ) енгізу мәселелерін талқылады.

Алмастырушы апиындық терапия – есіркіге тәуелділікті емдеудегі инновациялық әдіс. Ол тәуекел топтарының арасында АИТВ/ЖИТС таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ААТ әлемнің 71 елінде қолданылады, Евроодақ елдерінде 600 мыңнан астам пациент аталған емді қабылдайды.

«АИТВ мен нашақолықты тарату – барша қоғамың проблемасы. Қоғамдық тыңдаулар инъекциялық наша қолданатын адамдар  (әрі қарай - ИНҚА) мен олардың жақындары, сондай-ақ, медициналық қызметкерлер мен тұрғындар үшін алмастырушы апиындық терапия туралы шынайы ақпаратты жеткізу мақсатында өткізілді», - деді «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова.

Жуық арада ҚР-дағы ИНҚА арасындағы есірткіге тәуелділік пен АИТВ-нің алдын алу мақсатында есірткі қолданушыларды сүйемелдеуші емдеу мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында өткізу жоспарланып отыр.

2008 жылы Қазақстанда метадонды пайдалану арқылы орнын ААТ пилоттық жобалары басталып, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ААТ бағдарламасы пилоттық режимде ауқымын кеңейтіп, еліміздің 10 қаласын қамтыды.

2015 жылы «Қазақстан Республикасындағы ААТ-ны дамытудың перспективалары» жобасының аясында «Аман-саулық» Қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ААТ бағдарламасы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан 10 қалада қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Аймақтарда өткен қоғамдық тыңдаудың қорытындылары 2015 жылғы 11 желтоқсанда Астанада өткен конференцияда талқыланып, Қазақстанда ААТ-ны енгізу бойынша ұсынымдар қабылданды және олар ҚР мемлекеттік органдарына жіберілді. 

25 ақпан, 2016 - 16:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші