X
egov

You are here

2015 жылы 122 мыңнан астам қазақстандық мүмкіндігі шектеулі азаматтар оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді

2015 жылы оңалтудың техникалық жабдықтарымен 122 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтамасыз етіліп, оның ішінде шалғай елді-мекендерде тұратын 4 мыңға жуық адамға оңалту жабдықтары «Қазпошта» АҚ қызметтері арқылы үйлеріне жеткізілді.

Өткен жылдан бері Қазақстанда алғаш рет 300-ден астам балаларға бюджет қаражатының есебінен кохлеарлы импланттардың сөйлеу процессорлары ауыстырылып, күйге келтірілді.  Сонымен бірге, 2015 жылдан бастап есту қабілеті бұзылған 370 балаға кохлеарлы имплантация отасынан кейінгі есту қабілетін оңалту шаралары жалғасып келеді.

Мүгедектерді оңалтуды техникалық жабдықтарымен қамтамасыз ету – оларды қоғамға бейімдеудің басты тетігі болып табылады. 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) мүгедектерді оңалту техникалық жабдықтарының тізімін жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған міндетті гигиеналық жабдықтардың нормалары: жыл сайын берілетін жөргектер саны 480-нен 730-ға, несеп қабылдағыш 12-ден 365 данаға дейін, нәжіс қабылдағыш 12-ден 365 данаға дейін ұлғайтылды.

Ағымдағы жылы ҚР ДСӘДМ мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін жүзеге асыру шараларын жалғастырады. Ол төмендегі мәселелерді қарастырады:

- халықтың жас ерекшеліктеріне қарай мүгедектікті ескерту мен алдын алу, медициналық-әлеуметтік сараптама мен денсаулық сақтау қызметтерін біріктіруді қамтамасыз ету;

- жыл сайынғы еңбекке жарамды тұрғындарды профилактикалық тексеру;

- мүгедек балаларға арналған білім беру бағдарламалары мен стандарттарын қайта қарастыру арқылы инклюзивті білім беруді дамыту, есту және көру қабілеті бұзылған балаларды кезең-кезеңімен оқулықтармен қамтамасыз ету, инклюзивті және арнайы білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, мүгедектерді оқытуға арналған квоталарды белгілеу үшін мамандықтар тізімін қайта қарау;

-Мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияның орындалуын бақылау және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды. ҚР Үкіметі мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны кезең-кезеңімен жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда елімізде 627 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, 

4 наурыз, 2016 - 11:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші