You are here

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының «Квота бөлу туралы» 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Квота бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне:

1) үш жұмыс күнi ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

       Министрдің

міндетін атқарушы                                                           Б. Нұрымбетов

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon kvotaga_kosymsha.doc111 KB
5 наурыз, 2016 - 10:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші