ҚР ДСӘДМ сарапшылары кадрлар тапшылығын анықтау мақсатында 6 мың жұмыс берушілерге сауалнама жүргізді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ сарапшылары кадрлар тапшылығын анықтау мақсатында 6 мың жұмыс берушілерге сауалнама жүргізді

ҚР ДСӘДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының (әрі қарай – ЖП АТО) сарапшылары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, республика аймақтары мен салалардағы кадрлар тапшылығын анықтау мақсатында жұмыс берушілерге сауалнама жүргізді. Қазіргі таңда 6 мыңға жуық кәсіпорын басшылары сауалнамадан өтті. Жалпы алғанда 8 мыңнан астам жұмыс берушілерді қамту жоспарланып отыр, сауалнама қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айында белгілі болмақ.

2016 жылдың бірінші тоқсанында ЖП АТО мамандары 2021 жылға дейінгі еңбек нарығындағы тапшы мамандардың бес жылдық болжамын әзірлеу жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр.  

Сонымен, 2015 жылы алғашқы рет мамандықтары мен кәсібіне қарай кадрлар тапшылығын анықтау үшін 3700-ден астам жұмыс берушілерге сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесінде жұмыс берушілердің 95% сұранысына төменгі және орта біліктілік мамандарына сай келеді. Сонымен бірге, бос орындарды толтыру тапшылығын сезініп отырған 90%-ға жуық кәсіпорын басшылары мұндай сәйкессіздікті қажетті білікті мамандардың болмауымен немесе олардың біліктілігінің төмен деңгейімен байланыстырады.

ЖП АТО мәліметінше, әлемдік беталыстарға сай, болашақта Қазақстанда жоғарғы білікті мамандарға сұраныс арта түсетін болады. Дегенмен, жұмыспен қамтылған азаматтардың негізгі бөлігі қызмет көрсету саласында болмақ. Бұл ауылшаруашылық саласындағы жұмыспен қамту көрсеткішін төмендеткенде және өндірістегі тұрақты жұмыспен қамту болғанда ғана жүзеге аспақ.

Сондай-ақ, аймақтардағы халық санының үлғаюы біркелкі болмайды. Онжылдық соңына қарай, ағымдағы беталыстарды сақтаған жағдайда еңбек нарығының аймақтардағы үйлесімсіздігі артады деп күтілуде. Еңбек сұранысы мен ұсыныстары арасындағы айырмашылық Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс күшінің жетіспеушілігін, ал Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында керісінше, оның артуын туындатады.

Қазіргі таңда ҚР ДСӘДМ еңбек нарығындағы үйлесімсіздікті жою үшін қажетті шараларды қабылдауда. Оның ішінде халықтың еңбек мобильділігін арттыру (азаматтарды жұмыс күші мол аймақтан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіруді ынталандыру), сонымен бірге, кадрларды дайындау мен қайта даярлау жүйесінде бірқатар шаралар өткізілуде. 

 

10 наурыз, 2016 - 13:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші