X
egov

You are here

Астанада Қазақстандағы алмастырушы апиындық терапияның дамуын БАҚ-та шынайы түсіндіру бойынша журналистер арасында өткен байқау жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және инъекциялық наша қолданатын нашақорлардың тәуелділігін азайтуға негізделген алмастырушы апиындық терапияның (әрі қарай - ААТ) дамуын электрондық және мерзімді БАҚ-та үздік әрі шынайы түсіндіру бойынша журналистер арасында өткен байқау қорытындыланды.

Аталған байқауды «Аман-саулық» қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) бірлесе отырып, сонымен қатар БҰҰ-ның Қазақстандағы Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының (әрі қарай – БҰҰ НҚБ) қолдауымен ұйымдастырды.

Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: республикалық мерзімді баспасөз құралдарында ААТ тақырыбын үздік түсіндіру; аймақтық мерзімді баспасөз құралдарында ААТ тақырыбын үздік түсіндіру; теле- и радиоарналарда ААТ тақырыбын үздік түсіндіру; интернет басылымдарда ААТ тақырыбын үздік түсіндіру.

Байқауға барлығы 46 журналистік жұмыс келіп түсті. Олар БАҚ-та 2015 жылғы сәуір мен желтоқсан айларының арасында жарияланған болатын. Материалдарды қарау және бағалаумен құрамына ҚР ДСӘДМ, БҰҰ НҚБ, ҮЕҰ өкілдері және қоғам қайраткерлері кірген арнайы комиссия айналысты.

Келесі номинациялар бойынша бес журналистің жұмыстары үздік деп танылды:

1. Вера Ляховская («Свобода слова» басылымы: «Метадон: за или против») - Республикалық мерзімді баспасөз құралдарында ААТ тақырыбын үздік түсіндіру;

2. Динара Киндербаева («Приуралье» басылымы: «Наркомании нет! Метадоновая терапия мифы и реальность») - аймақтық мерзімді баспасөз құралдарында ААТ тақырыбын үздік түсіндіру;

3. Айнагүл Бәкімбаева («Altaynews.kz» интернет-сайты: «Метадон терапиясының пайдасы бар ма?», «Метадон жайындағы аңыз бен ақиқат», «Метадонмен емдеудің пайдасы қандай?») - интернет басылымдарда ААТ тақырыбын үздік түсіндіру;

4. Азиза Ешметова («Казахстан–Тараз» телеарнасы: «Салауатты өмір салты») және Мейрамгүл Нығметова («Шалқар», «Қазақ» радиолары: «Опиоидтік орнын басу терапиясы») - теле- и радиоарналарда ААТ тақырыбын үздік түсіндіру.

Байқау жеңімпаздары 80 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал Мейрамгүл Нығметова Бас жүлде иегері атанып, Австрияға оқу жолдамасын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Қазақстанда метадонды пайдалану арқылы орнын ААТ пилоттық жобалары басталып, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ААТ бағдарламасы пилоттық режимде ауқымын кеңейтіп, еліміздің 10 қаласын қамтыды.

2015 жылы «Қазақстан Республикасындағы ААТ-ны дамытудың перспективалары» жобасының аясында «Аман-саулық» Қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ААТ бағдарламасы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан 10 қалада қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Аймақтарда өткен қоғамдық тыңдаудың қорытындылары 2015 жылғы 11 желтоқсанда Астанада өткен конференцияда талқыланып, Қазақстанда ААТ-ны енгізу бойынша ұсынымдар қабылданды және олар ҚР мемлекеттік органдарына жіберілді.

11 наурыз, 2016 - 20:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші