X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ жанынан азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңес құрылды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) жанынан ҚР ДСӘДМ мен қазақстандық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер туралы, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беру міндеттілігі мен азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуі бойынша азаматтық қоғам ой-пікірін білдіру болып табылады.

ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің өкілеттілігіне: бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын қарастыру және талқылау; атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау; азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу; қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және басқалар кіреді.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығымен ағымдағы жылғы 26 ақпанында ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен ҮЕҰ өкілдері кірген құрамы бекітілді.  

11 наурыз, 2016 - 20:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші