Қазақстанда еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру бойынша жоба басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру бойынша жоба басталды

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің бас директоры Клаудия Костин, Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің  «Еуропа және Орталық Азия» аймағы бойынша жетекшісі Марио Кристиан Аедо ҚР-дағы жұмыспен қамту нәтижелерін жақсартуды қарастыратын «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын бастады.

Шараға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты.

Аталған жоба 2014 жылғы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобының Серіктестік туралы шектелмелі келісімін жүзеге асыру аясында іске асырылатын болады.

Көрсетілген келісімге сәйкес, бірқатар жобаларды халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (100 млн. АҚШ доллары) мен республикалық бюджеттің ортақ қаржыландыруы (37 млн. АҚШ доллары) есебінен жүзеге асыру жоспарланып отырған «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы да бар.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы)  2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Заңымен ратификацияланды.

Жоба мақсаты:

- Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім беру бағдарламалары мен оқыту өзектілігін арттыру;

- мақсаттық бенефициардың еңбек машығы мен жұмыспен қамтылуы саласындағы көрсеткіштерін жақсарту, еңбек нарығында талап етілетін біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды дайындау;

Жобаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже – экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне жауап беретін, жоғарғы технологиялы өндіріс ерекшеліктеріне сай заманауи біліктілік жүйесін құру, сонымен бірге, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессіздігін төмендететін еңбек нарығындағы ұсыныстарды қазіргі таңдағы сұранысқа сай дамыту.

Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылғы 15 наурызда Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері үшін жобаны жүзеге асыру бойынша семинар өткізіледі.

14 наурыз, 2016 - 12:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші