X
egov

You are here

760-тан астам қазақстандықтар еңбек және зейнетақы заңнамалары бойынша ҚР ДСӘДМ мамандарының кеңесін алды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Пойызы» республикалық акциясының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары 761 азаматқа кеңес берді, оның ішінде 452 адамға әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері (зейнетақыны есептеу, жұмыспен қамту, мүгедектік тобын анықтау, қосымша әлеуметтік көмек көрсету, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несиелеу, «Өрлеу» бағдарламасына қатысу, мүгедектерді оңалту және т.б.) бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді.

309 азамат еңбек заңнамасы (жеке еңбек келісімшартын, ұжымдық келісімшартты жасау және оны тоқтату, сонымен бірге, азаматтық қызметшілер еңбекақысының өсуі, еңбекақыны төлемеу және т.б.) туралы кеңес алды.

15 ақпан мен 15 наурыз аралығында «Мәңгілік Ел» пойызы еліміздің 12 өңіріндегі 30 елді-мекенге барды. Бүгін «Мәңгілік Ел» пойызы Жамбыл облысындағы Тараз қаласына келді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Пойызы» жалпыреспубликалық акциясы 15 ақпанда басталып, ағымдағы жылдың 18 наурызында Алматы қаласында аяқталады. Акция мақсаттарының бірі – халыққа құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. 

 

16 наурыз, 2016 - 18:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші