Сенат ҚР мен Корея Республикасы арасындағы азаматтардың ішкі корпоративтік ауысулары туралы келісімді ратификациялады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Сенат ҚР мен Корея Республикасы арасындағы азаматтардың ішкі корпоративтік ауысулары туралы келісімді ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.

Аталған келісім өзара ішкі корпоративтік ауысулар қағидасы бойынша білікті мамандарды шақыру тәртібін жеңілдетуге бағытталған.   

Заң екі елдің азаматтарын ішкі корпоративтік ауысулар аясында жұмыс істеуге арналған рұқсаттың негізінде уақытша еңбек қызметін реттейді.   

Аталған келісімге сәйкес, ішкі корпоративтік ауысулар барысында бір мемлекеттің азаматтары ішкі корпоративтік ауысу туралы жазбаша келісімге сәйкес, аталған заңды тұлғаның басқа мемлекет аумағында құрылған өкілдігіне, филиалына, еншілес немесе үлестес ұйымдарына уақытша ауысады. Сонымен қатар, келісім аға менеджерлер, менеджерлер, мамандарға қатысты жүзеге асырылады, бұл олардың біліктілік мінездемесін анықтауға мүмкіндік береді.

Заң келісімде көрсетілген тұлғаларға уақытша ауысу кезінде олардың аталған ұйымда кемінде екі жыл еңбек өтілінің болуын талап етеді. Қажетті рұқсатнама 3 жыл мерзімге беріледі. Азаматтар жұмыс істеуге арналған рұқсатты қабылдаушы елден шықпай-ақ, тек бір рет қана бір жыл мерзімге ұзарту мүмкіндігіне ие. 

Аталған азаматтар және олардың отбасындағы мүшелер үшін визалар жұмыс істеуге арналған рұқсат мерзіміне сай беріледі.

Шетел азаматтарына медициналық қызмет көрсету, олардың құқықтары мен бостандықтары қабылдаушы елдің ұлттық заңнамасына сай жүзеге асырылады.

Еңбек келісімшарты олар қабылдаушы елдің заңнамасын бұзған жағдайда азаматтарды жіберуші елге қайтару арқылы тоқтатылады.

Келісімді ратификациялау трансұлттық компаниялардың білікті мамандарын индустриализация мен инновациялық технологияларды дамыту салаларына шақыруға, инвестиция, жаңа технология мен білімді тартуға қолайлы жағдай жасауға және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында халықаралық-құқықтық базаны нығайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы келісім 2014 жылғы 26 қыркүйекте жасалған болатын. 

 

17 наурыз, 2016 - 10:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші