ҚР ДСӘДМ-де азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

Қоғамдық кеңес

Бүгін ҚР ДСӘДМ Министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанындағы азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.

Отырыстың ашылуында сөз сөйлеген Министр Қоғамдық кеңес жұмысының басталуы министрлік қызметінің халық алдында әрі қарай ашық бола түсетініне сеп болатынын айтты.

Қоғамдық кеңес құрамына ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ҮЕҰ өкілдері кірді.

ҚР ДСӘДМ жанындағы Қоғамдық кеңестің басшысы болып «Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің Қазақстандық салалық Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Бақытжан Тәжібай сайланды.

Қоғамдық кеңес қызметінің аясында министрлік қызметінің бағыттары бойынша (денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында) екі комиссия құру ұсынылды.

Әлеуметтік-еңбек саласы комиссиясының басшысы болып «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец сайланды.

Денсаулық сақтау саласы комиссиясының басшысы болып «Еуразия медициналық қауымдастығы» ЗТБ және «Алқалы кеңес» Корпоративті қорының президенті Ермек Ясылов тағайындалды.

Сонымен қатар, жиында ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің президиумы мүшелері сайланды. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері 2016 жылғы жұмыс жоспарын талқылап, министрлік әзірлеген құқықтық-нормативтік актілер жобасын қарастырды.

Бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  жанынан ҚР ДСӘДМ мен қазақстандық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер туралы, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беру міндеттілігі мен азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуі бойынша азаматтық қоғам ой-пікірін білдіру болып табылады.

ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің өкілеттілігіне: бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын қарастыру және талқылау; атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау; азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу; қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және басқалар кіреді.

 

17 наурыз, 2016 - 20:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші