Қазақстанда эпидемиялық паротитпен сырқаттану көрсеткіші төмендеп келеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда эпидемиялық паротитпен сырқаттану көрсеткіші төмендеп келеді

Халықты вакциналау шараларымен кең көлемде қамтудың нәтижесінде соңғы 20 жылда Қазақстанда індеттік паротитпен сырқаттанудың көрсеткіші 160 есеге төмендеді. Ағымдағы жылдың 2 айында ауру көрсеткіші өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25%-ға төмендеді (2015 жылдғы 2 айда 100 мың тұрғынға 8 жағдай,  2016 жылғы 2 айда 100 мың тұрғынға 6 жағдай).

 Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудың қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердің де шалдығуы мүмкін.

Ауру өте ауыр жағдайда басталады. Ауырған адамның жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды.  Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтың пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененің қызуы 5-7 күн бойы сақталады.

Індеттік паротитпен зақымданудың қатты асқынуға ұласуы жиі кездеседі. Оған ағза бездерінің зақымдануы (қалқанша, ұйқы, жыныс т.б. бездер), жүйке жүйесінің аурулары (менингит, энцефалит) және т.б. жатады. Аурудың салдарынан диабет, семіздік, ер адамдардың бедеулігі мен аталық безінің атрофиясы, әйелдердің бедеулігі мен етеккір циклінің бұзылуы орын алуы мүмкін.           

Балалар ауруының негізгі алдын-алу шаралары вакциналау болып табылады. Қазіргі таңда қызылша, қызамық, індетті паротиттің әлсіз вирустары «бір құтыда» топтасырылған вакциналардың біріктірілген түрі көпшілік көңілінен шығып жүр.

Вакциналаудан бас тарту індетке бейім адамдардың санын арттырып, ауру ошағының пайда болуына себепкер болуы мүмкін.  

24 наурыз, 2016 - 16:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші