ҚР ДСӘДМ жанынан медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ жанынан медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанынан әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу жөнінде Үйлестіру кеңесі құрылды.

Аталған кеңесті құрудың басты мақсаты – Қазақстанда миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу болып табылады.

Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары: акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық, кардиологиялық, нейроинсульттік, травматологиялық, онкологиялық қызметтер саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік саясатты жетілдіру; ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мембағдарламасының аясында аталған қызметтердің тиімділігін арттыру бойынша қарастырылған шараларды жүзеге асыру; акушерлік-гинекологиялық және балаларға неонотальдық медициналық көмек, травмотологиялық көмек, сонымен қатар, миокардтың жіті инфарктімен, қатерлі ісіктері бар жіті инсультпен сырқаттанған адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша республикалық, аймақтық медициналық ұйымдардың, Астана, Алматы қалалары мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларының жұмысын үйлестіру; мемлекеттік, қоғамдық, халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату болып табылады.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой тағайындалды. Кеңестің құрамына Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы Әмір Ахетов, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Назарбек Бейсен, ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Бауыржан Байсеркин, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқарма басшысы Абай Байгенжин, Республикалық нейрохирургия орталығының басқарма басшысы Серік Ақшолақов, ҚР ДСӘДМ Республикалық санитарлық авиация орталығының басқарма басшысы Нұрлан Ахильбеков, ҚР ДСӘДМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева, ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры Сәлім Беркінбаев, ҚР ДСӘДМ  Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Талғат Құдайбергенов және т.б. кірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы ағымдағы жылдың 18 ақпанында өткен кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ-де негізгі әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген моделін енгізудің Жол картасы жасалғанын хабарлады. Әрбір бағыт бойынша қызметтің барлық түрлері: алдын алу, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.

Күрделі технологиялық құрылғылар мен жоғарғы білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деңгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылғыларды қажет етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен бойынша көрсетілетін болады.

25 наурыз, 2016 - 18:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші