Қазақстанда жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша айлық басталады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша айлық басталады

Қазақстанда жыл сайын 1 және 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер және жастарды жол-көлік және тұрмыстық жарақаттылықтан алдын ала сақтандыру мақсатында айлық өткізіледі. 2016 жылы бұл шара «Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін бұзу – денсаулығыңызға қауіп-қатер төндіреді!» ұранымен өтеді.

Айлық барысында жол жүру ережелері туралы білім деңгейін көтеруге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы, өзін-өзі сақтау мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек столдар, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар жоспарлануда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын жарақаттанушылық және өзге де қайғылы жағдайлардың нәтижесінде әлемде 5 млн-ға жуық адам қайтыс болады. Бұл жалпы өлім көрсеткішінің 9%-ын құрап отыр.

Жарақаттар (жол-көлік апатынан болатын жарақаттанушылық, суға кетіп қалу, күйіп қалу, улану мен құлап қалу) 5-15 жас аралығындағы балалар арасындағы мүгедектік пен өлімге әкелетін негізгі үш себептің бірі болып табылады. Балалар жарақаттануының 90 пайызға жуығы байқаусызда орын алған жағдайдың нәтижесінде орын алады.

Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша қайғылы жағдайлар, улану, мен жарақаттанудан болатын өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққандаа 84,06 болды. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен (87,8) 4,3%-ға төмен.

Жарақаттану жағдайлары, оның ішінде жол-көлік апаттары, суға кетіп қалу, күйіп қалу, құлау мен улану адамның өз денсаулығына, сондай-ақ, өзге адамдардың денсаулығына деген жауапкершілігінің жеткіліксіздігінен, өзін-өзі сақтау тәртібі мәдениетінің болмауынан, жол жүру ережелері сақтамауы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіптің бұзылуынан болады.

Қазақстанда мүгедектік пен өлім жағдайларының орын алмауы мақсатында жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі енгізілуде. Ол халықты әлеуметтік қолдау, оңалту, диспансерлік бақылау, емдеу мен алдын алу кешенді шараларын қамтамасыз етеді.

Еліміздің әрбір өңірінде медициналық көмек көрсетуді аймақтандыруды жетілдіру мақсатында жол картасы жасалды.

31 наурыз, 2016 - 12:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші