X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де денсаулық сақтау жүйесі мен әлеуметтік даму саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Вице-министр Біржан Нұрымбетовтың басшылығымен «Заманауи жемқорлыққа қарсы саясат. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі мен әлеуметтік даму саласындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттер мәселесінің жай-күйі» атты селекторлық отырыс (видеоконференция тәртібінде) өтті.

Аталған шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ұлттық бюросымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Жиынға министрлік және оның құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерінің, ҚР ДСӘДМ аймақтық комитет департаменттерінің және Жемқорлықпен күрес қызметінің, мемлекеттік еңбек инспекциясының, аймақтардағы әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларының, Астана және Алматы қалаларының, облыстық  денсаулық сақтау басқармаларының, сонымен қатар, ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы уақытша қызметін атқарушы Жаслан Омаров жемқорлықпен күрес саясатын жүзеге асыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін, халықтың өмір сүру сапасы аталған жұмыстың тиімділігіне байланысты екенін атап айтты.

 «Мақсаты әлеуметтік маңызды мәселелер, мемлекеттік органның халық алдындағы есеп беру міндеттілігі бойынша азаматтардың пікірін білдіру болып табылатын Қоғамдық кеңестің жұмысы басталғалы министрлік қызметі халық алдында әрі қарай ашық бола түсті», - деді ол.

Сонымен бірге, Жаслан Омаров мемлекеттік қызметтер Реестрін өзектендіру барысында денсаулық сақтау жүйесі мен әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары жобаларын көпшілік алдында талқылау жүргізіліп жатқанын хабарлады.

ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басшысы Назарбек Бейсен медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау саласындағы жемқорлықпен күрес жұмыстары туралы баяндады. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіндегі жемқорлықпен күрес шаралары жайында комитет басшысы Ақмади Сарбасов мәлімдеді.

Отырысты қорытындылай келе, Біржан Нұрымбетов министрлік, құрылымдық бөлімшелер, ведомствоға бағынысты ұйымдардың барлық қызметкерлеріне жемқорлық әрекеттері фактілерін болдырмау бойынша жұмысты жандандыру керектігін атап айтты. 

1 сәуір, 2016 - 19:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші