X
egov

You are here

Алматыда сарапшылар Орта Азия елдеріндегі туберкулездің таралуымен күрес мәселелерін талқылады

Бүгін Алматыда еларалық жұмыс топтарының «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуі өтті. Шара барысында сарапшылар аймақтағы туберкулезбен сырқаттануды трансшекаралық бақылау мәселелерін шешу бойынша Еларалық шектелмелі келісімінің жобасын және өзара әрекеттесу тетіктерін талқылады.

Шараға денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен шұғылданатын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан министрліктері мен ведомстволарының, сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), көші-қон халықаралық ұйымының, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының, ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жұмыс топтарының аймақтық отырыстарын Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және «Project HOPE» үкіметтік емес ұйымы өткізіп келеді.

Республикада туберкулезбен сырқаттанған мигранттарға туберкулезге қарсы көмек шаралары ДДСҰ Еуропалық Аймағындағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл – мигранттар арасындағы туберкулез бен көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Жиынға қатысушылар ДДСҰ ұсынымдары негізінде жасалған туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелері бойынша Еларалық шектелмелі келісім жобасын талқылады. Мұнда мигранттар арасындағы туберкулезді емдеу мен бақылауды қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған. Келісім негізіне ауруға шалдыққан мигранттарды бақылау, диагностикалау, емдеу, аурудың алдын алу, эпидемиологиялық бақылау, еларалық ақпарат алмасу, тиісті қаржыландыруды қарастырылатын нормалар кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық гуманитарлық «Project HOPE» үкіметтік емес ұйымы Қазақстанда өзінің туберкулезбен күрес бағдарламасын 1993 жылдан бастаған болатын. Сол уақыттан бері аталған ұйым ЖИТС-пен, туберкулез және маляриямен күрес Жаһандық қоры грантының аясында туберкулезді бақылау бойынша әртүрлі жобаларды енгізуге қатысып келеді. 

5 сәуір, 2016 - 10:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші