X
egov

You are here

Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық орталығының мамандары Астана қаласының балалары үшін есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізеді

2016 жылғы 6 және 20 сәуір аралығында ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық ғылыми-практикалық орталығының сурдопедагог, логопед, психолог және массажист мамандары Астана қаласының 20 баласы үшін өткізілетін оңалту іс-шаралары барысында  сөйлеу процессорларын икемге келтіретін болады.

Кохлеарлық имплантация жасалған балалар үшін есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басты міндеттерінің бірі. Биылғы жылы мемлекет тарапынан республика бойынша 250 балаға есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізу жоспарлануда.

Астана қаласында есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту процедуралары күн сайын сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін) Победа көшесі, 79 үйдің 2 қабатында  орналасқан «АКА» бизнес-орталығында өткізіледі.

Есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларына жазылу үшін Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту бөлімінің басшысы Светлана Сейітоваға +7-777-260-25-66 тел. арқылы хабарласуға болады.

Кохлеарлық имплантат есту мүкісі бар пациенттерге естуге мүмкіндік беретін протез екенін естеріңізге саламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда құлақ аурулары салдарынан мүгедек болып қалған 3 мыңға жуық бала бар.

2014 жылы Алматы қаласында кохлеарлық импланттары бар балаларға  есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын жүргізетін «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМКМ құрылған болатын.

6 сәуір, 2016 - 10:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші